АҚШ-та бассейнде 12 адам хлордан уланып қалды

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Хьюстонда өткен сенбіде хлордан улану белгілерімен 12 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дереккөзде барлығының бір бассейннен шыққаны көрсетілген.

Жергілікті БАҚ мұның себебі бассейннің шамадан тыс хлорлануы деп жазады. Қалалық авариялық-құтқару қызметінің басшысы жағдайға дер кезінде ден қойғаны үшін департамент қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Шамадан тыс хлорлау астма ұстамаларын, жүрек айнуын, тері мен көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.