Астанада құрбан шалуға болатын орындар бекітілді

Ғалиасқар Думан

Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбан шалынатын орындар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де Айт намазы оқылады.

Астана қаласында бекітілген орындарда 8.00-ден 18.00-ге дейін құрбан шалуға болады:

1. «Ұлжан» әмбебап базары, Сарыарқа ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);

2. «Жайлау» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);

3. «Шанхай» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);

4. «Шопан ата» базары, Байқоңыр ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);

5. «Баракат» базары, Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.

Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

Құрбан айт күндері халыққа құрбан шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақыл-кеңес беретін 109 сall орталығы тәулік бойы жұмыс жасайды.