Ауыр атлетикадан төрт дүркін ел чемпионы Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
35 жастағы ауыр атлеттің денесі Достық ауылындағы тұрғылықты жерінен табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Спортшының туыстары полицияға оның өз өмірін қиғанын айтты.
Қазіргі уақытта суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды.
Айта кетейік, Владимир Седов төрт рет Қазақстан чемпионы атанды, 2008 жылғы Олимпиадаға қатысты, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордшысы.
Ерекше жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.
Владимир Седов 35 жаста еді.