Маңғыстаудағы МАЭК-те 400-ден астам заңсыздық анықталды: кінәлілер жазаланады

Ulysmedia

Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттуков «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясының соңғы алты жылдағы жұмысын тексеру нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Анықталған бұзушылықтардың көпшілігінің себебі қаржыландырудың жеткіліксіздігі мен жоспарлаудағы қателіктер болып табылады.

Сонымен қатар, ол басшылардың салғырттығы мен олардың тарапынан бақылаудың әлсіздігіне тоқталды. Прокурордың айтуынша, заң бұзушылықтардың көпшілігін дер кезінде жоюға болады.

Аудит барысында метрология, ядролық және энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайлар және СЭС салаларында 400-ге жуық заң бұзушылық анықталды.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық белгілері бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады, деп қорытындылады қадағалау органының басшысы.

«Маңғыстау облысының прокуратурасы тексеруді аяқтағаннан кейін барлық заң бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледік. Сондай-ақ МАЭК кәсіпорны халық үшін аса маңызды стратегиялық нысан екенін тағы да атап өткім келеді. Қадағалау органының тексеруі зауытты жаңғыртуға оң серпін беретініне сенімдімін. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде», - деді МАЭК бас директоры.

Бұған дейін МАЭК-тегі апатты ахуал «Қазазот» зауытының тоқтап қалуына себеп болғаны еді.

Еске сала кетейік, «МАЭК» зауытындағы апат Ақтау тұрғындарын жарық пен сусыз қалдырғаны хабарланған болатын.