Қызылордада Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды

Ғалиасқар Думан

Qnet қаржы пирамидасын Қызылорда облысы аумағында құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 тұлғаны қатыстырған (зардап шеккендер), келтірілген залал көлемі – 46 млн теңге.

Соттың санкциясына сәйкес, ол «күзетпен ұстау» түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанайда Qnet LTD қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жазадан құтылып кеткен болатын.