Павлодарда «ҚазАвтоЖол» филиалының басшылығы ұсталды

Ғалиасқар Думан

Ұлттық қауіпсіздік комитеті  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Павлодар қалалық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚК

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

“Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланған еді.