Биыл елімізде жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады. Бұл 2023 жылға жоспарланған офицерлер санынан екі еседей көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкімет басшысы қол қойған қаулыда жазылғандай, 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:
- ҚР Қарулы күштеріне - 550 офицер;
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 60 офицер;
- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне - 16 офицер;
- ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына - 9 офицер.
«Жобаның мақсаты – 2023 жылы ҚР Қарулы күштерін, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін және ҚР Ұлттық ұланын жасақтау үшін әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», - делінген қаулы түсіндірмесінде.
Құжат 11 шілдеде күшіне енеді.
Айта кетейік, жыл басында қол қойылған қаулы бойынша запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған болатын.