Ақтөбеде 4 адам суға кетіп қала жаздады

Ulysmedia

Ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«8 шілдеде құтқарушылар Ақтөбе қаласының «Тропикана» демалыс базасы аумағында ағыс жағадан алып кеткен азаматтарды іздестірді. Катамаранда 3 адам болған. Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы ер адам құтқарылды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Жағаға ораларда құтқарушылар жағадан алыстап кетіп, жете алмай тұрған адамды да құтқарды.

Олармен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.