Астанада мопедшілер ереуілге шықты

Ғалиасқар Думан

Астанада мопедшілер ереуілі өтті, оған 100-ге жуық қызметкер жиналды. Әлеуметтік желілердегі видеоларға қарағанда, олар Яндекс жеткізу шарттарына наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Ереуілге шыққан жұмысшылар төлем мөлшеріне наразы. Олардың айтуынша, құны 1 500 теңгеден төмен әрбір тапсырыс үшін Яндекс курьерге өз қаражатынан қосымша ақы төлейді.

Мопедшілер наразылық акциясы арқылы өз құқықтарының бұзылып жатқанын жеткізуге тырысты.

Сондай-ақ, ереуілшілер бонустардың аздығына және әділетсіз төлемдерге наразы екендігі атап өтілді.

Яндекс бұл акция туралы әлі түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, жуырда АҚШ сарапшысы Қазақстанға өз “Яндексі” керек екенін айтқан болатын.