Қазақстанда рубль бағамы құлдырай бастады

Ғалиасқар Думан

Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Алматыда Ресей валютасы 4,87- 5 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал Астанада 4,93 -5,03 теңге аралығында құбылып тұр.

Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,90 -4,97 аралығында.

5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған.

Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,90 теңге.

Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.