Қазақстанда таратылатын 9 банктің тізімі жарияланды

Ғалиасқар Думан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде еліміздегі тарату сатысында тұрған банктердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Агенттіктің нақтылауынша, аталған банктер тарату рәсімінен біраз уақыттан бері өтіп келеді. Атап айтқанда:

- "Валют-транзит банк", 2006 жылғы 26 желтоқсанда лицензиясы қайтарып алынған, оны тарату рәсімі 2007 жылғы 01 наурыздан басталды;

- "Қазинвестбанк", лицензияны 2016 жылғы 27 желтоқсанда қайтарып алды, тарату рәсімі 2018 жылғы 24 қаңтардан басталды;

- Delta Bank, лицензияны 2017 жылғы 3 қарашада қайтарып алды, тарату рәсімі 2018 жылғы 25 сәуірден басталды;

- "Эксимбанк Қазақстан", лицензияны 2018 жылғы 28 тамызда қайтарып алды, тарату рәсімі 2019 жылғы 16 қаңтардан басталды;

- "Астана Банкі", лицензияны 2018 жылғы 19 қыркүйекте қайтарып алды, тарату рәсімі  2019 жылғы 9 қаңтардан басталды;

- Qazaq Banki, лицензияны 2018 жылғы 28 тамызда қайтарып алды, тарату рәсімі 2018 жылғы 12 желтоқсаннан басталды;

- Tengri Bank, лицензияны 2020 жылғы 18 қыркүйекте қайтарып алды, тарату рәсімі 2021 жылғы 15 ақпаннан басталды;

- AsiaCredit Bank, лицензияны 2021 жылғы 12 ақпанда алып тастады, тарату рәсімі 2021 жылғы 22 шілдеден басталды;

- Capital Bank Kazakhstan, лицензияны 2021 жылғы 24 маусымда қайтарып алды, тарату рәсімі 2021 жылғы 6 қазаннан басталды.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда  екінші деңгейлі 9 банктің жұмысы тоқтатылуы мүмкін екені хабарланған.