Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істі бірнеше бап бойынша қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков мәлім етті.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ПМХЗ бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс ҚР КК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), 197-бап (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау), 214-бап (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша қарастырылуда», – дейді Марлен Сламбеков.
Ол биыл Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай лауазымдық өкілеттігін асырғаны үшін 3,5 жылға сотталып кеткенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары кімге тиесілі және мұнай-газ коллапсына кім жауапты екенін жазғанбыз.