Ресейлік олигархтар Қазақстанда тас мақта өндіреді

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда ресейлік олигархтардың зауыты жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Forbes

"Технониколь" баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қайрат" индустриялық аймағында (Алматы облысының Талғар ауданы) тас мақта өндіретін кәсіпорын құру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындап келеді, сондай-ақ болашақ зауыт үшін жабдықтар жеткізіле бастайды.

Өндірістік кешен құруға 80 млн еуро инвестиция салатын "Технониколь" компаниясының жоспарлары бойынша зауыт 2024 жылдың ақпанында іске қосылады.

Кәсіпорын не шығарады:

  • қабырғаларға, шатырларға, қасбеттерге, едендерге және ішкі бөлімдерге арналған жылу және дыбыс оқшаулау,
  • техникалық оқшаулауға және өрттен қорғауға арналған материалдар,
  • ауыл шаруашылығына арналған субстраттар

Өнімнің 80%-ын қазақстандық нарыққа жеткізу, қалған 20%-ын Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға экспорттау жоспарланған.

"Технониколь" компаниясының негізін қалаушылар - Forbes Russia "110 ресейлік миллиардерлер – 2023" тізімінің мүшелері Сергей Колесников (1,4 миллиард доллар байлығымен №81) және Игорь Рыбаков (1,4 миллиард доллар байлығымен №84). Компанияның 50% акциясы кәсіпкерлерге тиесілі, ал Игорь Рыбаков 2015 жылы "Технониколь" басқармасынан кетіп, Сергей Колесников Корпорацияның басқарушы серіктесі қызметін сақтап қалды.