Бауыржан Байбектің әкесіне үкім шықты

Ғалиасқар Думан

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбекке қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

Отырыс жауапкерсіз өтті. Байбекке заңсыз құрылыс және қажетті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айып тағылды.

Сотта Қыдырғали Байбектің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ескертусіз "Әулие" ТК-дегі тұрғын емес үй-жайға жеке кіру үшін есік ойығын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені анықталды.

Нәтижесінде үй тұрғындары бұл әрекеттерге шағымданды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді, есік пен қосымша құрылыс шынымен заңсыз орнатылғаны белгілі болды.

Сот жауапкерді кінәлі деп тауып, 51 750 теңге айыппұл салды.

Еске салайық, бұған дейіе Бауыржан Байбектің әкесі Астанада сотталып жатқаны хабарланған.

Қыдырғали Байбек деген кім

Қыдырғали Байбек – Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі. Еңбек жолын теміржолшы болып бастаған.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін бірнеше жыл бұрын "Алматы бойынша Жолаушылар тасымалы" КМК басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақстанның бұрынғы президентімен достық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Олар бір сыныпта оқыған.

Айта кетейік, оның ұлы Бауыржан Байбек мемлекеттік қызметке "педагог" мамандығы бойынша жоғары музыкалық мектепті бітіргеннен кейін бірден келді. 2002 жылы ол бірінші дәрежелі кеңесші дипломатиялық дәрежесін алды.

4 жыл ішінде ол президент хаттамасының бастығына дейін көтерілді. Содан кейін Nur Otan партиясында Назарбаевтың орынбасары болды. 2015 жылдың 9 тамызында Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметті 2019 жылдың 28 маусымына дейін атқарды.

Байбек Панфилов жаяу жүргіншілер көшесін салып берген, мегаполис тұрғындарына "500 теңгеге тамақ ішуге" болатын мейрамханаларды көрсеткен музыкант ретінде алматылықтардың есінде қалды.