Өткен жылдан бері 10 ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұндай ақпаратты БАҚ өкілдері спорттық азаматтықтың өзгеруі туралы хабарламаларды, жарыстарға қатысушылар туралы ашық деректерді, сондай-ақ спорт федерацияларының ашық тізілімдерін талдай отырып жариялады.
Мәселен “Холод" басылымының мәліметінше, Ресейдің 204 спортшысы спорттық азаматтығын өзгерткен немесе өзгертуге ниетті.
Авторлардың айтуынша, Қазақстанға 10 спортшы көшіп келіп, азаматтығын ауыстырған.
Мысалы, тау шаңғысы спортынан Ресейдің 16 жастағы абсолютті чемпионы Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алды.
Сонымен қатар, конькимен жүгірушілер Ресей чемпионы Кристина Силаева мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Елизавета Голубева да Қазақстан азаматы болуды жөн көрген.
Ростов-на-Донудан келген ресейлік теннисші Александр Шевченко да азаматтығын ауыстыруға өтініш берді.
Орынбор облысында дүниеге келген UFC жауынгері Дамир Исмагулов та болашақта Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін екенін жеткізді.