Атышулы аманаттық депутат Риддер ЖЭО-ның бүкіл қарызын жауып беретін болды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның Энергетика министрлігі Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі Әміржан Нәбиев нысанның барлық қарыздарын өз қаражаты есебінен жабуға уәде бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Атап өтілгендей, Нәбиев 1 шілдеден бастап Риддер ЖЭО-ның 100 пайызына иелік етеді. Ол бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі кезінде бүкіл қарызды өз қалтасынан төлейтінін айтты.

ЖЭО-ның жалпы борышы 5,5 миллиард теңгені құрайды.

"Министрлік тарапынан да берешек мәселесін бақылауда ұстаймыз", - деді Сәтқалиев.

Нәбиев 2014 жылдан бастап Алматы мәслихатының депутаты.

Құрылыс салушы ретінде ол экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі комиссияны басқарады.

Еске салайық, ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсетті. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын облыстың экс-әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажеттігін айтқан.