Ақмола облысындағы ауылдардың бірі карантинге жабылды

Айнель Аянова

Ақмола облысындағы Новомариновка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елді мекенге шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Валитованың шешім-жобасында.

Шектеу шараларын енгізу туралы шешім бүгіннен, яғни 14 шілдеден бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Қарағанды облысына қарасты Мәди ауылдық округінде 3 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталып, шектеу енгізілгені хабарланған.