Қазақстандық банктерге шетелге рубль әкетуге рұқсат берілді

Ғалиасқар Думан

Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге Ресей рублін Қазақстаннан экспорттауға рұқсат берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне ресей рублін Қазақстан Республикасынан қолма-қол ақшамен әкетуге рұқсат етілсін", - делінген Үкімет қаулысында.

Құжат күшіне енді, ол 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы төмендеген.