Құтқарушылар Іле Алатауында адасып кеткен үш жасөспірімді тауып алды

Ulysmedia

ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы тауларында адасқан үш жасөспірімге үйлеріне қайтуға көмектесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

15 шілдеде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласы Медеу ауданының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жасақтың кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне үш жасөспірімнің Букреев шыңынан Бутаков шатқалына қарай түсіп келе жатқан кезде жолдан адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

“Сағат 19.43-те туристерді іздеуге 5 адамнан тұратын жедел құтқарушылар тобы, оның ішінде кинологиялық есептоп шықты. Сағат 21.14-те құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, Республикалық жедел-құтқару жасағының көлігіне қарай түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 23.05-те топ балалармен бірге орман асуына жетіп, төмен түсуді жалғастырды. Сағат 00:19-да құтқарушылар мен балалар Республикалық жедел-құтқару жасағының көлігіне жетті. Бутаков шатқалындағы шлагбаум маңында оларды жасөспірімдердің туыстары күтіп алды”, – деп жазды ведомстводан.