Ақмола полицейлері өрт ішінен алты адамды құтқарды

Ulysmedia

15 шілде күні сағат 22.14-те Қосшы қаласының полиция бөліміне "Нұрай" көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болғандығы туралы телефон арқылы хабарлама түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Осы уақытқа дейін өрт тұрғын үйдің 4 қабатын шарпыды және көрші ғимараттарға таралуы мүмкін еді. Куәгерлер хабарлағандай, жанып жатқан пәтерде адамдар қалды, олардың үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Тұрғындарда баспалдақпен түсуге мүмкіндігі болмады, себебі ол толығымен отқа оранды.

“Сол жерде үшінші қабатқа арқанның көмегімен өрт тұзағына түскен адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмағандар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам эвакуацияланды. Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы да болды”, деп жазды ІІМ-нен.

Өрттің салдарынан жараланғандар Астана қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде 3 подъезд тұрғындары толық эвакуланды, орындаушы органдармен 10 тұрғын қонақ үйге орналастырылды.