Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

Ғалиасқар Думан

Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара станциясында вагондар рельстен шығып кеткен.

«Тараз - Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетті. Салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашты. Жедел желі телефондары - 8(726 )51-35-75, 8(726) 41-41-67», - деп түсіндірді ведомстводан.