"Соғысты бір-ақ күнде тоқтата аламын": Трамп Зеленский мен Путинді қалай ымыраластырмақ

Айнель Аянова

АҚШ-тың бұрынғы президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғысын 24 сағат ішінде тоқтата алатынына сенімді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24novosti.org

АҚШ-тың экс президенті және Республикалық партиядан президенттікке болжалды үміткер Дональд Трамп Fox News-ке берген сұхбатында сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украина мен Ресей президенттерін бейбіт келісімге келуге мәжбүрлегісі келетінін айтты.

"Мен Зеленскийді өте жақсы білемін, Путинді одан да жақсы танимын. Екеуімен де жақсы қарым-қатынаста болдым. Мен Зеленскийге: "Жетер. Сіздер келісім жасауларыңыз керек" деймін. Ал Путинге: "Егер сіз келісім жасамасаңыз, біз оған көп нәрсе береміз. Қажет болса, біз Украинаға бұрынғыдан да көп береміз" деп айтамын”, – дейді Трамп.

Трамптың айтуынша, ол біра-ақ күнде Украина мен Ресейді ымыраластырар еді.

"Бір-ақ күнде", – деп қайталады АҚШ-тың бұрынғы президенті.