Бүгін елімізде Мүгедектер күні

Ulysmedia

Қазақстандықтар қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектер күнін атап өтеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықын қорғаушы, белсенді Алмаз Ердан бұл күн шын мәнінде Қазақстандағы мықты және батыл адамдардың күні деп есептеліп, тойлануы керек екенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Facebook

Оның айтуынша, ешкім мүгедектіктен сақталған жоқ. Әлем бойынша мүгедектігі бар адам саны бір миллиартдан асса, соның 700 мыңнан астамы Қазақстанда тұрады.

«Мүгедектігі бар адамдарға көмектесудің бір жолы – өзіңіз мүгедек болып қалып, қоғамда, мемлекетте, әлемде мүгедектердің қатарын арттырмау», - деп жазды ол Фейсбук парақшасына.

Ол адамдарды қолда бардың қадірін білуге шақырды.

«Кейбір адам үшін өз аяғымен дәретханаға барудың өзі – үлкен бақыт. Сіздің бай әрі бақытты адам екеніңізді дәлелдейтін мысалдар өте көп. Мәселеге бір қырынан ғана қарамау керек. Кейбір дені сау адамдардың өзі жер бетінде бейшара күйде өмір сүріп жатыр. Адамның материалдық өмірі мен рухани өмірін, оның мүмкіндіктерімен салыстыруға болмайды», - дейді ол.