Конституцияға қайшы: теміржол апаттарын фото-видеоға түсіруге тыйым салынбайтын болды

Ғалиасқар Думан

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл тапсырма Қазақстан Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді.

Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Мұндай шектеу ең алдымен теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.

“Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді. Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды”, – делінген хабарламада.