ШҚО-да Берел орман шаруашылығының аумағы өртеніп жатыр

Ғалиасқар Думан

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына бірден Казавиаорман күзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

“Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде”, – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.

Айта кетейік, «Ертіс орманы» резерватындағы өртке байланысты Павлодар облысындағы 3 ауылдық округ аумағында төтенше жағдай жарияланды.