Астанада мұқтаж азаматтарға автобустарда тегін жүруге арналған карточкалар берілмеген

Ғалиасқар Думан

Астана прокуратурасы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің сақталуына жүргізілген талдау нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Талдау нәтижесінде биылғы жылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға елорданың автобустарында тегін жүруге электронды жеке карточкалар берілмегені анықталды.

“Оған уәкілетті органның электрондық карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбеуі себеп”, – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2 900 астам астаналықтардың құқықтары қалпына келтірілді, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру құқығымен дербестендірілген карточкалар берілді.

Кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.