Таразда көпқабатты үй өртенді

Айнель Аянова

Оқиға бүгін, 24 шілдеде сағат 12.23-те Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

"Жамбыл облысы ТЖД күштері баспалдақ арқылы 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады, 2 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтары тұрғын үй тұрғындарына симтомикалық және психологиялық көмек көрсетті", делінген ТЖМ хабарлмасында.

Өрт сағат 12.44-те оқшауланып, сағат 12.47-де сөндірілді.

Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 33 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.