Алматы облысы жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды

Ғалиасқар Думан

Кербұлақ ауданында жол салу кезінде орын алған бұзушылықтар фактісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен "Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының бұрынғы орынбасары ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды”, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Мемлекетке 37 млн теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді. 

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану)  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланған еді.