Қаңтар оқиғасы: Жамбылда полиция ғимаратынан ұрланған қару-жарақ үш орыннан табылды

Ғалиасқар Думан

Жамбыл облысында қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған үш ірі орын анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

polisia.kz

«Тектұрмас» этнотарихи кешенінің аумағында жедел ақпаратты іске асыру барысында ПД ҰҚҚІҚБ және ЕҚҚІБ қызметкерлері ашық алаңнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қапшықтарды тапты.

«Қапшықтардан қаңтар оқиғалары кезінде ПД ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі пулемет-тапанша, 20 мм калибрлі ТОЗ-120 бір ұңғылы тегіс оқпанды аңшы мылтығы, ТОЗ-63 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығының екі бірлігі, 4,5 мм калибрлі МР-654 пневматикалық тапаншасы, ИЖ-79 газ тапаншасы, РГД-5 қол гранатасы, АК-47 автоматының оқжатары, түрлі калибрлі 87 патрон және арнайы құралдар табылып, тәркіленді», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Сондай-ақ Тараз қаласының ПБ 2- полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы көшелердің біріндегі қоқыс арасына жасырылған 16- калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы мылтықты, «ТТ ЛИДЕР» маркалы травматикалық тапанша, түрлі калибрлі 23 оқ-дәрі, «АКСУ» автоматының оқтамасы, полицей каскасы, оқ өтпейтін жилет, резеңке таяқша және полицей қалқаны табылып тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы деректерге қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иелену, дайындау, беру, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.