Ресейдің Қазақстанмен шекарасында тікұшақ өртеніп, 6 адам қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасында қонуға беттеген Ми-8 тікұшағы өртеніп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Mash

Оқиға Алтай Республикасының Көксу ауданындағы Тыңғыр елді мекенінде болған.

"Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр", – делінген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.

"Ақпарат нақтыланады".Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасы

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы қаза тапқан.