Марокколық Нухайла Бензина ересектер арасындағы әлем чемпионатында хиджаб киген тарихтағы алғашқы әйел атанды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Қорғаушы Нухайла Бензина H тобындағы екінші тур ойынын Австралияның Аделаида қаласында Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді.
Марокко 6-минутта Ибтиссам Джрайди соққан голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
ФИФА 2012 жылы хиджабқа тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады, ал ережелерге 2014 жылы тиісті өзгерістер енгізілді. Марокко құрамасы араб және Солтүстік Африка елдерінен әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы команда болды.
Бензина елдің жоғары әйелдер лигасының сегіз дүркін чемпионы болып табылатын Марокко қарулы күштерінің спорт клубы FAR үшін ойнайды.