Синоптиктер 2023 жылдың 1-3 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады.
"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты болады. Салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, еліміздің батыс аймақтарында қысым күшейеді - жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Температура фонындағы елеулі ауытқулар болжанбайды", – дейді синоптиктер.