Степногорск қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ақмола облысы Степногорск қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың шешім жобасында.
Сонымен қатар құжатта Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалатындығы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізетіндігі айтылған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысында 3 ауылда төтенше жағдай жарияланған.