Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.
Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелген.
Айта кетейік, бұдан бұрын оқу-ағарту министрі биыл ел мектептерінде 1-сыныпқа қабылданатын оқушылар үшін орын қаншалықты жеткілікті екенін сұраған.