Түркиядағы жол апаты: Қазақстанның тағы бір азаматы қайтыс болды

Ғалиасқар Думан

ҚР СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі”, – делінген хабарламада.

Ведомство бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі елге жеткізілгенін мәлімдеді.

Еске салайық, 30 шілдеде Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырағаны хабарланған.

Бастапқыда 12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр екені белгілі болған.

Көп ұзамай ауыр халде жатқан қазақстандық турист көз жұмды.