Алаяқтықтың жаңа түрі: әккілер енді бизнеске қауіп төндіре бастады

Ғалиасқар Думан

Елімізде телефон алаяқтары ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, қандай да бір компанияның бас бухгалтеріне қоңырау шалып, сол ұйымның қызметкерінің зейнетақы шоты бұғатталғаны туралы хабарлайтынды шығарған. Себебі оның компания БСН-ы бар транзиттік шоттарына тыйым салынған.

Бұғаттан шығару мақсатында бухгалтерлерге алаяқтардың шотына берешек соманың жартысын салуға кеңес береді, әйтпесе компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы есептемегені үшін айыппұл салынады деп қорқытады.

"Осылайша, телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқтар құрбандарын олардың шоттарына көп сомада аударым жасауға итермелейді. Зиянкестер әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және көбінесе телефон нөмірлерін интернет желісінен табады, жәбірленушінің аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы әлеуметтік желілерден біледі", – делінген қор хабарламасында.

Телефон алаяқтарының қолынан қанша қазақстандық зардап шеккенін БЖЗҚ нақтыламады. Дегенмен БЖЗҚ сұрақтар туындаған жағдайда азаматтарға тек 1418 телефоны бойынша ресми байланыс орталығына хабарласуға шақырды немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қалалық филиалдарына да кеңес сұрап жүгінуге болады.

Айта кетейік, бұдан бұрын аягөздік мұғалім интернет-алаяққа 7 млн теңгеден астам несие "шығарып" берген.