Астана полиция департаментінде 40 млн теңгеге сатып алынатын екі кондиционер полицияның ақпараттық жүйелері мен дерекқорларының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айта кетейік, бұған дейін елордалық полиция әрбірі 20 миллион 89 мың 285 теңге 1 тиын тұратын серверлік үй-жайға арналған екі кондиционер сатып алғалы жатқаны хабарланған.
Екі кондиционердің жалпы бағасы – 40 миллион 178 мың 571 теңге және 42 тиын.
Мемлекеттік сатып алулар порталында өтінімдерді қабылдау 31 шілдеде басталып 15 тамызға дейін жалғасатыны көрсетілген.
Астана қалалық полиция департаменті жалпы құны 40 млн теңгелік кондиционерлерге арналған лотты растады.
Тәртіп сақшылары сатып алынатын кондиционерлер күрделі әсер ету механизмі екенін түсіндірді, жабдық салқындату режимінде жоғары өнімділікке ие және жұмыс үшін көптеген маңызды қондырғылары бар көрінеді.
Полицейлер кондиционерлер полицияның ақпараттық жүйелері мен дерекқорларының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете алатынын, сондай-ақ серверлік үй-жайда ауаның оңтайлы параметрлерін сақтай алатынын айтты.