Қытай азаматтарын Қазақстаннан Ресейге өткізбей қойған – ҚХР жағдайды түсіндіруді талап етті

Ғалиасқар Думан

Қытайдың бес азаматына Қазақстаннан Ресейге кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың бес азаматы Ресейге Астрахань облысының Қараөзек өткізу бекеті арқылы өтпек болған. Алайда туристерге кіруге рұқсат берілмепті. Оларды визасының күшін жойып жіберген. Туристердің бірі төрт сағат бойы бекетте жауап алынған айтады.

Қытай елшілігі болған оқиғаға алаңдап, мұндай жайттар екі елдің достық қарым-қатынасы мен өзара байланыс тенденциясының өсіміне сәйкес келмейтінін айтқан.

Қытай өкілдері Ресей тарапынан шекарашылардың әрекетін тергеуді сұрап отыр. Олар не себепті туристердің Ресейге кіре алмағанын білгісі келеді.