Оралда балалар стадионның қоқысын жиып, қазнетті тәнті етті (видео)

Ғалиасқар Думан

Футбол матчынан кейін стадионның қоқысын жинаған балалардың әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары ұнатып, бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Мой город

Ойын Ақжайық пен Жеңіс командасы арасында болған. 1:1 есебімен қарсыластар тең түсті. Ойыннан кейін мінберде қоқыс көп қалған. Алайда бұл жайт футбол жанкүйерлерінің көңілін түсірген жоқ. 11 жастағы Әлихан Сайхал достарымен бірге қоқысты жинап алды.

Жас баланың өзі де футбол ойнайды екен.

Клуб әкімшілігі балаға алғысын айтып, оған сыйлық берілетінін хабарлады.