Өскеменде Ертіс өзеніне түсіп кеткен ер адам құтқарылды

Ғалиасқар Думан

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары Ертіс өзеніне түсіп кеткен ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

Өскемен қаласында «Восточник-3» саяжайында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1987 жылы туған адамды судан алып шықты. Куәгерлер ер адамды Ертіс өзенінде ағын алып кеткенін байқап қалған. Ер адам суда тұрған бұталардан ұстап үлгерген.

«Құтқарушылар оны құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем медиктеріне тапсырды. ШҚО ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады: Жабдықталмаған орында шомылуға болмайды, суға мас күйінде түсуге болмайды, күшіңізді асыра бағаламаңыз, алысқа жүзбеңіз. Су қателікті кешірмейді», - деп ескертеді департамент.