Астанада су тасқынынан кейін жауапты шенеунік қызметінен қуылды

Ғалиасқар Думан

Elorda ecosystem директоры Тимур Годунов Астана жолдарын су басқаннан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ол "нөсерлі кәріз жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі және кейбір жерлерде су басуына жол бергені үшін" жұмыстан шығарылды.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda ecosystem алдында жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісі қуатының көлемін ұлғайту және т.б.

Еске салайық, 6 тамызда жаңбырдан кейін Астана көшелері су астында қалды.

2021 жылы Астанада нөсер кәрізіне 15 миллиард теңге бөлінген болатын.