"Екіжүзділіктің шыңы": шенеуніктер сусыз отырған ақмолалықтардың жағдайын неге көрмегенсиді

Ғалиасқар Думан

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Ақмола облысындағы шулы оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Оның айтуынша, Егіндікөл ауданының тұрғындары 4 айдан астам уақыт бойы ауыз сусыз өмір сүріп келеді. Қоғам қайраткері өңірдегі жағдай әкімдердің есептерінде ғана "әдемі" екенін атап өтті.

"Сәуір айында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халықпен есептік кездесуге келгендегі жағдай екіжүзділіктің шыңы болды. Дәл осы уақытта ауылда ауыз су берілді, әрине, тұрғындар бұл “мерекенің” ұзаққа созылмасын түсінік, құтылар мен шелектерін жаппай суға толтыруға кірісті... Наразылық білдіруге ниетті халық сумен әуре болып жүріп әкіммен кездесуге келе алмады: шенеуніктердің мұндай тапқырлығы таңғалдырмай қоймайды. Ал мәселе Экология министрлігі Су ресурстары комитетінің жауабына сәйкес жаңғырту жұмыстарына соңғы үш жылда 918 748 200 теңге жұмсалған құбырда болып тұр", — деді Смағұлов.

Оның айтуынша, бұған дейін халық үшін 579 260 мың теңгеге жалпы ұзындығы 16 448 метр болатын сегіз апаттық учаске қайта жаңартылған болатын.

Смағұлов министрлік те, "Нұра топтық су құбыры" РМК да қандай учаскелер жөнделгенін білмейтінін айтты.

"Біз бұл миллиардтаған теңгелік жөндеулерді тексергіміз келді, бірақ олар дәл қай құбырлардың жаңартылғанын білмейді. Олар өздерінің жаңа команда екендерін алға тартады. Ал жарылған құбырлардың бірінің суретінен мен 10 құтқару қондырғысын санадым. Бұл ақылға сыймайтын нәрсе, бірақ қағазда бәрі керемет. Құбырлар жарылса, жергілікті тұрғындар арпалысады: біздің көзімізше бригада кетті,  ал бұл үшін экология министрлігінің ведомстволық бағынысты кеңсесі ақша алады. Олар адамдарды ғана емес, арнайы техниканы да жібереді: тракторлар мен тралдар. Шығындарды тексеру және мәселені жедел шешу үшін экология министрлігіне сөзімізді қалай естіртуге болады?",- деп қосты ол.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде қазақстандықтар экология министрі Зульфия Сүлейменованың Павлодар облысындағы тартылып бара жатқан қызғылт көлге қатысты мәлімдемесіне шүйліккен. Блогерлер, журналистер мен сарапшылар министр мен оның командасының бейғамдығына таң. Қазақстандықтар Сүлейменованың қоластындағылары көлді тексеруге тек сейсенбіде аттанады деген сөзін сынға алды.

Желі қолданушылары Сүлейменова қателіктерден сабақ алмайтынын атап өтті және, жауапты министрлер ТЖ орнына уақытында бармауы салдарынан үлкен зардаптарға апарып соққан Абай облысындағы өртті тілге тиек етті.

Экология министрінің жұмысын өткен аптада мемлекет басшысы да сынға алған еді. Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қаланы сумен қамту мәселелерін шеше алмағаны үшін Сүлейменованың министрлігіне көңілі толмайтынын жеткізді.

“Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс”, - деді президент.