Алматыда Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы қаласының мобилділік басқармасының мәліметінше, Алматы-1 темір жол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төселіп, көлік қозғалысы ашылды.
Енді Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
"Бұл учаскеде 8 тамыз сағ.23-00-ден 10 тамыз 07-00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі", – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарын Ақан Сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады.
"Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан сері көшелерінде қозғалыс ашық болады", – деп хабарлады басқармадан.