Қазақстанда қанша мұғалім бар

Айнель Аянова

Оқу-ағарту министрлігі ел мектептерінде қызмет ететін мұғалімдер санын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

top-news.kz

"Қазақстан мектептерінде 340 676 педагог жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде еңбек өтілі 10 жылға дейін 147 402 мұғалім бар. Сонымен қатар, 20 жылға дейін — 88 393, ал 20 жылдан астам 104 881 педагог қызмет етіп жатыр", – делінген хабарламада.

 

Соңғы жылдары елдің бірқатар өңірінде мұғалім тапшылығы артып келеді. Мәселен, Атырау мектептерінде 600-ден астам мұғалім жетіспейді. Әсіресе, математика, тарих пәндерін оқытатындар және бастауыш сыныптартарды оқытатын мамандар қат. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, орыс сыныптарына дәріс беретін 400 мұғалімнің жетіспеушілігі байқалып отыр.