Семей соты терроризм актісін жасауға және өз таныстарын құқыққа қайшы әрекеттерге итермелеуге жария түрде шақырды деп айыпталған жергілікті екі тұрғынды соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
.
Терроризмге қарсы орталықтың мәліметінше, екі азамат та бұрын осындай қылмыс үшін сотталған. Бұл жолы оларды сот 9 және 7,5 жылға соттады.
"Абай облыстық сотының жаза мерзімін өзгерту бойынша берілген апелляция өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтері бойынша, екі рецидивист те "сенушілерге радикалды діни идеологияны белсенді түрде таратып, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға шақырды". Олардың кінәсі айғақтармен, заттай дәлелдемелермен және операциялық материалдармен толық дәлелденген.
"Радикалдар қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтейді", - деп мәлім етті орталық.
Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау мен Шымкентте терроризмді насихаттағандар сотталған.