Алматылықтар 5 күн бойы ыстық сусыз отырады

Ғалиасқар Думан

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігінде ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы 14-19 тамыз аралығында Жетісу ауданының аумағында Первомайская мұнай базасы – Геологтар және Көкжиек шағын ауданы көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- делінген әкімдік таратқан ресми ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда Медеу, Алатау аудандарының тұрғындары ыстық сусыз отырған.