Ақылы оқуға түскен ел біріншілігінің төрт дүркін чемпионына грант бөлінді

Ulysmedia

Ақылы оқуға түскен ел біріншілігінің төрт дүркін чемпионы Дана Дидайға грант бөлінетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл жайлы журналист Аслан Қаженов жазды. Журналист бұған дейін спортшының грантқа түсе алмай қалғанын мәселе етіп көтерген еді,

“Сүйінші хабар. Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Дана Дидай оқуға қабылданбай қалды. Дұрысы – грантқа ілікпеді. Құжатын Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясына тапсырған. Тегін білім алатындар тізімінен өзін таппады. 

Енді оған Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінен хабарласып, арнайы ұсыныс тастаған. Қысқасы, Дана грантта білім алады. О баста қалаған мамандығы бойынша оқиды. Өзі риза екенін жеткізді. Көңілі тоқ. Сәйкесінше, жаттығуды уайымсыз жалғастыра береді деген сөз. Бұған қоса, отбасын асырап отырған жалғыз әкесіне де салмақ салмайды” - деп жазады журналист.