Өзбекстанда өлімге себеп болған сироп Қазақстанда сатылмайды

Ulysmedia

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған Үндістанда жасалған Doc-1 Max жөтел шәрбаты Қазақстанда сатылмайтынын хабарлады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Ашық дереккөз

Препарат Қазақстанда тіркелмеген және сатылымға жатпайды.

«Қазақстан Республикасындағы ірі дәріхана желілері мен дәрі-дәрмек таратушылар ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес, біз бұл дәрінің республикада жоқ екенін және сатылмайтынын ресми түрде мәлімдейміз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство республикада «Doc-1 Max» анықталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

"Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін реттеудің негізгі элементі мемлекеттік тіркеу болып табылады, оның алдында олардың тиімділігі, қауіпсіздігі мен сапасы жан-жақты бағаланады. Онсыз препарат нарыққа шығарылмайды", - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы алғанда, соңғы 4 жылда қосымша заттарында этиленгликоль мөлшері жоғары әртүрлі өндірушілердің 10 дәрілік заты ел нарығына жіберілмеді.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда Үндістаннан келген Marion Biotech компаниясының дәрі-дәрмектерін, оның ішінде Doc-1 Max препаратын пайдаланған 65 бала көз жұмды. Бұған «Quramax Medikal» және «Фармацевтика» компанияларының қызметкерлеріне тағылған айып дәлел.

Ақпан айында Өзбекстанда Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев, Фармацевтика агенттігінің, сондай-ақ Дәрілік заттарды сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының басқа да қызметкерлері қамауға алынды.