Freedom Holding санкцияларды айналып өтті деп айыпталды: олигарх Турлов мәлімдеме жасады

Ғалиасқар Думан

Олигарх Тимур Турлов Freedom Holding компаниясы Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтті деген айыптауларға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ол компания әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірінде жұмыс істейтінін атап өтті.

"Біз өз бизнесімізді сақтау үшінең жақсыларымен жұмыс істеуге тырысамыз. Қызметкерлер, аудиторлар, заң фирмалары, комплайнс-консультанттар. Біз үшін фактілерге негізделген саналы сенім маңызды. Sec.gov-тағы біздің тәуелсіз аудитордың қорытындысын оқып көріңіздер. Біз есепті екі айдан астам уақытқа кешіктіріп қана қойған жоқпыз: есепті дайындау кезінде фактілерді тексеруге барлығы өте мұқият қарады, барлық жағынан қысым өте жоғары болды. Мен толық мәтінді оқығысы келмейтіндер үшін негізгі фактілерді қысқаша қарастыруға тырысамын", - деп жазды Турлов.

Ол компания Ресей Федерациясында активтерді сату туралы келісімді 10 ақпанда аяқтағанын атап өтті. Қазіргі уақытта Турловтың айтуынша, ол да, холдинг акционерлері де оларды бақыламайды.

"Есеп анонимнің – бізге ренжіген бұрынғы қызметкеріміздің мәлімдемесіне негізделген. Ол бізде бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді, процестерді өте үстірт түсінеді. Шынында да, сол кезде Ресей Федерациясында жұмыс істеген көптеген қаржы ұйымдарының басшылары сияқты Украина билігі мені де санкциялар тізіміне енгізді. Біз санкция енгізуді механикалық қателік деп санаймыз, мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Иә, біз өз клиенттеріміздің бір бөлігін Ресей мен Украинадан Қазақстанға ауыстыруға тырыстық. Бізде аймақтағы ең жақсы комплаенс бар. Санкцияланған клиенттермен жұмыс OFAC лицензияларына сәйкес тоқтатылды. Кез-келген ірі қаржы институтында осындай клиенттер кездеседі. Олар барлық ірі батыс банктерінде бар. Мәселе –  сенің мұны қалай жасайтыныңда", - деп атап өтті олигарх.

Ол сондай-ақ акцияларды манипуляциялау туралы айыптауларды негізсіз деп атады. FRHC клиенттерінің көпшілігі холдингтің акционерлері, деп қосты Турлов.

"Жалпы,"тергеушілер" жаңа ештеңе таппады. Сондықтан клиенттеріміз дүрбелеңге салынған жоқ. Сауда-саттық қорытындысы бойынша акциялар 3,2% - ға арзандады, бұл есеп авторлары күткеннен аз екені анық", - деп түйіндеді Турлов.

Еске салайық, бұған дейін американдық Hindenburg Research инвестициялық-зерттеу фирмасы қазақстандық олигарх Тимур Турлов негізгі иесі болып табылатын Freedom Holding компаниясының қызметі туралы тергеу жариялады.

Тергеу барысында Freedom "әлі де Ресейде өз бизнесін жүргізеді және санкциялар мен ақшаны жылыстатуға қарсы ережелерді ашық түрде елемейді" делінген. Атап айтқанда, Freedom Finance санкцияланған банктерден ақша алуға көмектесті, делінген басылымда.

Freedom сонымен қатар 2019 жылы АҚШ-тың NASDAQ биржасындағы баға ұсыныстарын арттыру үшін кірісті бұрмалады және компания клиенттердің қаражатын төтенше тәуекелге ұшыратады деп айыпталды.

Freedom Holdings компаниясы Hindenburg Research тергеуін "алыпсатарлық" және "расталмаған фактілер жиынтығы" деп есептейді.