Дархан Жазықбаев: Мемқызметшілердің казиноға баруына қарсымыз

Ғалиасқар Думан

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің казино мен құмар ойындарды ойнауына қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Менің өзімнің көзқарасым, агенттіктегілердің көзқарасы – мемлекеттік қызметшілердің казиноға баруына қарсы болып отырмыз. Ары қарай бұл норманы біз әдеп жағынан кіргіздік. Ары қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір заңға байланысты жұмыстарды жүргізіп жатыр», - дейді Дархан Жазықбаев.

Еске сала кетейік, былтыр Алматы облысының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, Қазақстанның 305 шенеунігі казиноға жалпы сомасы 507 млн теңгені ұтылғанын хабарлаған еді. Прокуратура жариялаған құжатта әр аймақтан казинолар мен ойын залдарына барған адамдардың ішінде 305 мемлекеттік қызметші анықталған.